Ақтөбеде террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жарияланды
Ақтөбе қаласының тұрғындарын төтенше жағдай қызметі sms-хабарламалар арқылы антитеррористік әрекеттердің жүріп жатқандығы туралы хабарлауда

«Ақтөбеде антитеррористік әрекеттер жүріп жатыр. Террористік қауіптіліктің қызыл деңгейі белгіленді», - деді «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің меншікті тілшісі.
Телеарналардағы жүгірме жолақтарында халықты «үйден шықпай, ғимараттарда отыруға шақыруда».
Ақтөбедегі тілшінің ақпараты бойынша, қалада не интернет, не ұялы байланыс жөнді істемейді. Қала көшелерінде тұрғындар жоқ. Ал төбеде тікұшақтар ұшып жүр. Қоғамдық көліктің қозғалысы да шектетілді.
Өткен жексенбіде хабарланғандай Ақтөбеде қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалған. Нәтижесінде 6 адам қаза тауып, 10 адам түрлі жарақаттар алған. Қылмыскерлердің 4-і өлтіріліп, 7-і ұсталды. Олардың екеуі жарақаттанған. Қалада антитеррористік жағдай жарияланды. Қалған қылмыскерлерді ұстау бойынша жедел ісдестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.