Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Абай ауданының азаматына найзағай түсіп мерт болды

Бүгін болған оқыс оқиға салдарынан «Қараой» қыстағында мал бағып жүрген 65 жасар ер адам қайтыс болды

Происшествия в Казахстане и мире / ЧП в Казахстане и в мире / В Абайском районе ВКО от удара молнии погиб чабан
Фото:
sharij.net
ШҚО ТЖД баспасөз-қызметінің мәлімдеуінше аталмыш азамат найзағай түскенен қатты дене зақымын алған екен. Осы жылдың сәуір айында да Абай ауданында найзағай жылқыға түсіп, қасындағы адам күйік алып, жылқы сол жерде мерт болған. 

Мұндай жағдайлар әлем бойынша орын алуда. Өткен аптаның сенбісінде Париж паркіне найзағай түсіп, сегіз бала жарақат алған. Оның екеуі ауыр жарақаттанған екен. 

Біздің облысымызда найзағай түсу, сәуір айынан қазан айы аралығында жалғасады. Найзағайдан қашып, ағаштардың астына тығылуға болмайтындығын обдысымыздың құтқарушылары айтты, өйткені ол ең бірінші биік жерлерге түседі.

Сонымен қатар, найзағай жауын жауып жатқан жерден он километр жерге түседі екен. Сондықтан жаңбыр біткенсоң шығу қауіпті, күннің күркіреуі басылғанша дейін далаға шықпау абзал.

 – Найзағай егер адамға түскенін көрсеңіздер қасына баруға қорықпаңыздар. Одан сіздерге қауіп жоқ. Найзағай түскен адамды  бірнеше минутқа жерге көмсе оның денесіндегі электр қуаты одан шығады деген қате пікір. Ол оған керісінше әсер етеді,-деп түсіндірді ШҚО ТЖД баспасөз-қызметі.
Следующая →
Тақырыптар: ЧП в ВКО