Балықшы жоғалып кеткен екі жасар Эллинаның денесін қармақпен алып шыққан
2 жастағы Эллина Кульдинованың денесі Нұра өзенінен табылды. Оны кездейсоқ байқаған балықшы өзенге батып кеткен баланың денесін қармағына іліп алып шығады
Фото:
tengrinews.kz
«Анықталғандай, азамат кешкі уақытта қармағын алып, Нұра өзеніне қарай бет алады. Қармағын өзенге лақтыра сала, белгісіз бір заттың ілініп қалғанын байқайды. Затты жағаға қарай тартса, баланың денесі болып шығады» - деп хабарлады ІІД.
Оқиға орнына оперативті тексеру тобы аттанды – деп хабарлайды NUR.kz сайты.
Элина Кульдинованың денесін қарау барысында, зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған. Соттық медициналық сараптама жұмыстары тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, астаналық Эллина Кульдинова 10 мамыр күні Ақмола облысындағы Қошқарбай ауылына жақын маңдағы Нұра өзеніне отбасымен демалуға барған кезде жоғалып кетеді. Қыздарының жоғалғандығы жайлы мәліметті ата-анасы хабарлаған.
Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полицейлер, сүңгуірлер мен еріктілер тобы қатысты. Полиция басынан бері қызды суға батты деп келген. Іздеу үшін, тікұшақ, қайық, желі, муляж және тағы басқа құралдар пайдаланылған.
21 мамыр күні кешке төтенше жағдайлар комитеті болжанған жерден екі киллометр қашықтықтан қыздың денесі табылды деп хабарлады.