Қарағанды облысының тұрғыны алимент үшін, ескерткішке асылып қалған жерінен табылды
Қарағанды облысына жақын маңдағы Приозерск қаласында шағала бейнеленген ескерткішке 23 жасар жергілікті тұрғын асылып қалған
Фото:
venividi.ru
Оның ілулі тұрған денесін Алматы-Сарыағаш тас жолы бойынан автокөлік иелерінің бірі тауып алады. Сол жерден ол полиция қызметкерлерін де шақырады. Полицейлер марқұмның қалтасынан Приозерск қалалық сотының екі кәмелеттік жасқа толмаған балаларға алимент төлеу жайында шығарған үкімін тауып алады.
Қайтыс болған ер азамат бір ай бұрын әйелімен айырылысып, отбасының құлдырағанына қатты қынжылып жүрген. Оның әйелі екі балаға алимент төлеу жайында сотқа арыз жазады.
Сот залында жұмыссыз жүрген азамат жұмыс таппайынша мерзімді шегерулерін өтінеді. Бірақ соттың шешімі бойынша, заң күшіне енген күннен бастап, марқұм ата-аналық парызын өтеуі тиіс болады.
Егер бұрынғы әйелінің немесе жақындарының ер адамды өзіне қол жұмсауға мәжбүрлегендері анықталса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Қазіргі уақытта ішкі істер қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.