Өрт салдарынан ер адам термиялық күйік алды
ШҚО ТЖД №1ӨБ қызметкерлері ер адам мен қоса оның үйін де өрттен аман алып қалды
Оқыс оқиға 5 мамыр күні сағат 16-лар шамасында Жангелді көшесінің бойындағы жер үйде орын алған. Тілсіз жау үйдің кіре берісінен, үй ішіне дейін жеткен. Өрт аумағы 50 шаршы метрді құрады. 1978 жылғы тұрғын 1, 2 дәрежелі термиялық күйік алғанымен, ауруханаға жатқызу қажеттілігі болмады.
Өртті ауыздықтауға ШҚО ТЖД жеке құрамының 16 арнайы маманы жұмылдырылды.
Қалалық ТЖ басқармасының мәліметіне сүйенсек, көп жағдайда өрт қауіпсізідігін сақтамау осындай оқыс оқиғаларына себеп болатын көрінеді. Статистика көрсеткендей, әр үшінші өрт оқиғасы адамдардың салғырттығынан туады.