Теміртауда жоғалған оқушының өлігі табылда
Теміртау шетіндегі бұрынғы цех ғимаратында екі апта хабарсыз кеткен Қарағандының 16 жасар тұрғыны Вадим Корженковтың асылып қалған өлі денесі табылды
Фото:
Открытые источники
- Жасөспірімнің асылып қалғандығын растаймыз, Суицид пе әлде мәжбүрлеп өлтірілген бе анықталуда, - деп хабарлайды Облыстық прокуратура.
Жасөспірімнің үйінен ашулы кеткендігі белгілі. Ол жүретін қызымен ұрсысып қалып, ұялы телефонын сындырып тастап үйінен кетіп қалған.
Оны полиция қызметкерлері екі аптадан артық іздеген болатын.
Оның отбасысы Теміртаудан Қарағандыға көшіп кеткен, бірақ Вадим Корженков оқу орнын өзгертпей сабаққа Теміртауға барып жүреді.
Тергеу жұмыстары әр-түрлі нұсқаларда жүргізіледі, оның ішінде суицид те бар.