«Лондон-Гонконг» Алматыға қонуға мәжбүр болды
Лондаон-Гонконг бағытындағы ұшақ борттағы науқас бала үшін Алматы әуежайына қонуға мәжбүр болды
Фото:
newsfactory.kz
Ұшақ халықаралық Алматы әуежайына таңғы 8.55-те келіп қонды. Ұшақ бортында дереу медициналық көмекті қажет еткен төрт айлық сәби болған. Бұл ақпаратты әуежайдың анықтама бөлімі растады.
Қызметкерлердің айтуынша бүлдіршін дәрігерлер жеткенше көз жұмған.
Белгілі болғандай төрт айлық Жасмин АҚШ азаматшасы, ал ата-анасы Франция азаматтары екен. Ұшақ Гонконгқа бағытын жалғастырды, ата-анасы сәбидің мүрдесін өздерімен алып кетуге бел буған.