Кеше Семейде автобус өртке оранды
Қаржаубаұлы көшесімен келе жатқан шағын автобустың бөлшектері кенет жана бастаған
Фото:
negorim.by
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ
Shaolin шағын автобусы Қаржаубайұлы көшесінде әдеттегі бағытымен жүріп келе жатқан бойда кенет автокөлік бөлшектері жана бастаған. Көлік жүргізушісі Семей қаласы ТЖБ өрт қызметін шақыртуға мәжбүр болған. Өрт бір жарым шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жау небірң жеті минутта ауыздықталды.
Өртке қауіпті агрегатты абайсыз пайдалану себеп болған, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.