Өскеменде өртенген полиция бекетін жуырда қалыпқа келтіреді
Аталмыш оқиғаға тергеу жүргізген өрт сөндірушілердің айтуы бойынша өрттің себебі электросымдардың қысқа тұйықталуынан болып шықты
Фото:
Устинка Live
- Жанып кеткен стационарлық пункті көп ұзамай қалыпқа келтіреді. Содан кейін ол бұрынғы режімде жұмыс істейтін болады, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Следующая →
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада кешке болған өрт интернет желісінде көптеп шу шығарған еді. Орталық алаңдағы полиция бекетінде орналасқан жиһаз, құжаттама, кеңсе техникасы мен ішкі қаптамасын от шалған.
Тілсіз жаумен күресуге өрт сөндірушілер 40 минут уақыт жұмсады.