Облыс орталығындағы полиция бекеті өртенді
Оқыс оқиға Өскемен қаласының орталық алаңында орналасқан Құқық қорғау қызметкерлерінің стационарлық бекетінде орын алған
Фото:
hronika.info
Куәгерлердің айтуынша, от жалыны тез өрбіп өрт сөндірушілердің келуінше полицейліктер көлік қимылдарын бөгеп тастайды.
Следующая →
- Кеше шамамен сағат 21.30-да № 1 өрт сөндіру бөліміне өрт туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына екі машина мен тоғыз адам бірден аттанды. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында өрт тез сөндірілген. Болжам бойынша, өрт салдары электр жабдықтарының авариялық күйде тұруынан болуы ықтиимал. Зардап шеккен ешкім жоқ, - деп хабарлады Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы.
Орталық алаңның 20 шаршы метрінде жиһаз, құжаттама, кеңсе техникасы мен полиция бекетінің ішкі қаптамасын от шалған.
Тұрғындардың түсірген өрттің фотосуреті мен бейне жазбасы әлеуметтік желіде тарап, көптеген пікірлер жинап үлгерді.
Тақырыптар:
Пожар в Усть-Каменогорске