Жол ақының орнына телефонын қалдырып, полицияға шағымданды
Облыс орталығындағы ер адам таксиге отырып, жол ақысының орнына телефонын қалдырып кетеді де, жақындарына телефонның ұрланғанын айтады
Фото:
liveinternet.ru
36 жасар ер адам Үлбі полиция бөліміне хабарласып, №6 автобуста отырған кезінде белгісіз біреулер қалтасындағы ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтады. №6 автобус Автобекеттен Согра кенті бағытында жүріп келе жатады.
Тергеу амалдары барысында полиция қызметкерлері ешқандай ұрлықтың болмағандығын айтады. Мас күйде болған ер адам такси жалдап үйіне жеткен. Алайда жол ақысын төлейтін қаражаты болмағандықтан телефонын қалдырып кетеді. Ал үйдегі жақындарына телефонын ұрлатын алдым деп жалған сөйлейді.
Тәртіп сақшылары ол шопырды тауып, телфонды қайтарып алады. Ал 36 жасар ер адам жалған ақпараты үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.