Өскемендік полицейлер қарақшы мен екі ұрыны ұстады
Ертіс полиция бөлімінің қылмыстық іс полиция қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасағат 43 жасар ер адамды ұстады
Фото:
chto-proishodit.ru
Оқиға өткен жылдың 17 желтоқсанында орын алған. Бетіне маска киген белгісіз біреу Базовая көшесінде тұрған дүкен сатушысын пышақпен шошытып, кассада жиналған ақшаны беруді талап етеді. 20 мың теңгені алған ұры қашып құтылды.
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер ұрыны тауып, өткен сенбіде ұстайды. Облыс орталығының 43-жасар тұрғыны кінәсін мойындады. Қазір ер адам уақытша қамау изоляторында отыр. Ал қылмыстық іске қатысты сот алды тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Ертіс полиция бөлімінің қылмыстық іс полиция қызметкерлері тағы екі ұрыны ұстады.
Олардың бірі 4-қаңтар күні ер адамның қол дорбасынан 63 мың теңгелік ұялы телефонын ашық түрде ұрлаған 34 жасар ер адам. Ал екіншісі 11-ақпан күні Михаэлес көшесіндегі дүкеннің сөресінде тұрған 20 қораб темекі ұрлаған 40 жасар ер адам.
Ұрлық жасаған екі ер азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш фактілер бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде.