Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Теміртауда ашық жатқан құдыққа құлаған бала мерт болды

Теміртауда 7 жастағы бала суға кетіп мерт болды. Оның денесі қаланың маңындағы қаналдан табылды

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / В Темиртау на насосной станции нашли тело семилетнего ребенка
Фото:
ngs24.ru
Туыстарының айтуынша, Азамат метталургия комбинатының жанындағы беті ашық жатқан құдыққа түсіп кетіп, жерасты құбырымен каналға қарай ағыпты, деп хабарлайды «КТК телеарнасының сайты».

Азамат Айдарқұлов сол күні Метталургия комбинатының маңына ағасына еріп келген екен. Туысқаны біреумен кездеспек боп шығып кеткенде бұл сол үйдің екі ұлымен көліктің маңында ойнап қалған. Алайда ересек адам құдыққа құлаған өзінің 5 жасар ұлын әрең шығарып алғанын айтыпты. Ал Азаматты құдыққа батып кетті деген. Құтқарушылар баланы ол жерден таппады. Оның денесі құдықтан екі шақырым жердегі су тазарту бекетінен табылған. Қазір «Арселор Миттал» компаниясына тиесілі құдықтың ашық жатуына байланысты тергеуалды тексерістер басталған.

Арман Алпысбаев, Теміртау қалалық ТЖБ бастығы:

- Құдықтың ішінен өтетін құбырдың ішінде кедергілер бар. Бала құдықтағы құбырға кеткен болса каналға шығар ма еді деу көптеген сұрақ туғызады. Өйткені біз құдыққа тастаған бос бөтелкедердің бірі де каналға ағып шыққан жоқ. Сондықтан бала құдыққа емес, каналға құлап кетуі мүмкін деген болжам бар.
Следующая →