Фастфуд құмарлар 10 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін
Астанада Фастфуд құмарлар 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жас ер азаматты жылдам тамақтану мейрамханасын бопсалағаны үшін айыптауда
Фото:
econet.ru
Тергеушінің сөзі бойынша, ер азамат кәсіпкерлерді бопсалап, интернет желісіне әшкерелейтін видеоларды саламын деп шошытқан, деп хабарлайды КТК сайты.
Тамақтану барысында жастар өз тағамдарының ішінен тірі құрт анықтағандарын айтқан. Мұндай бопсалаудан кейін мекеме басшылығы полицияға шағымданған. Олардың айтуынша, жас ер азамат видеоны әлеуметтік желілерге салмауы үшін екі миллион теңге қаржы талап еткен. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары «Бопсалау» бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстарын жүргізуде. Өткен жылы дәл осындай оқиға орын алғанда сот мейрамхана тарапына оң шешім шығарған. Ол кезде бопсалаған азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылған.