Танымал бизнесмен, ІІД полковнигінің баласы сот алдында жауап берді
Танымал бизнесмен және ІІД полковнигінің ұлы бір отбасының екі ер азаматы мен екі баласы қаза болған жол-көлік оқиғасына кінәлі
Фото:
Fotostrana.ru
Туыстық байланыстың арқасында жасырынып жүрген шымкенттік даңғой сот алдында жауап берді, деп хабарлайды КТК сайты.
Екі ай бұрын сотталушы жол талғамайтын көлік рөліне отырып, жеңіл көлікке келіп соқтығысты. Жай соқтығысып қоймай, жеңіл көлікті 20 метрге дейін сүйреген. Сол түні Марат Танкеевті қаза болғандардың туыстары жәукемдеді. Оқиға орын алғаннан кейін, сотталушы өзін кінәлі сезіндей, туыстық қатынастардың арқасында тығылып жүрген. Бірақ сот барысында өзінің оқиғадан есеңгіреп қалғанын айтты. Оның айтуынша, тойда отырып, дәл қайтарында жолдастары болмаған соң, ішімдік ішіп, мас күйінде рөлге отырған. Сараптама нәтижесі оның бойында орта деңгейдегі алкогольдің барын көрсетті.
Танкеев өз кінәсін мойындап, көз жасын көрсете тұрып, төрт адамды қатар жоғалтқан жанұядан кешірім сұрады. Бірақ қарсы жақ, татулыққа келер емес.