Өскеменде 7 «КамАЗдың» аккумуляторы ұрланды
Ұрылардың мақсатында тек жүк машиналарын тонау болды. Себебі мұнда бірден екі аккумулятордан орнатылады
Фото:
Fotostrana.ru
Жеке сектордың екі тұрғыны жүк көліктерін аңдып, түнде көліктің аккумуляторларын шешіп жүрген. Ұрылар «КамАЗ», «Вольво», «Шансиман» сынды жүк көліктерінің аккумуляторларын жеке секторда немесе күзеті жоқ тұрақтарда тұрған жерінен ұрлаған.
Пестеля көшесінде ұрылар көлікжайдан бірден алты аккумуляторды шешіп алса, тұрақта тұрған «КамАЗ»-дан тағы екеуін ұрлаған. Пограничная көшесінде автобаз аумағында тұрған екі жүк көлігі де ұрылардың ұрлығына ілігеді.
Полицейлер 7 жүк көлігінің ұрлығына қатысты бар азаматтарды тұтқындады. Қаскүнемдер жалпы сомасы бір жарым миллион теңгені құрайтын ұрлық жасаған. Ұрланған аккумуляторлардың жартысын тәртіп сақшылары иелеріне қайтарды, қалғандары әзірге табылған жоқ. Ер азаматтардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес іс қозғалды.
Бұл көліктердің аккумуляторлары ұрланған бірінші жағдай емес. Жақында ғана тәртіп сақшылары 30 аккумулятор ұрлаған қос жігітті құрықтаған.