Кәсіпкер «әдемі» нөмірлерге деген сүйіспеншілігі үшін жауапқа тартылды
«Сәнді» нөмір алу үшін делдал болып жүрген Өскемен қаласының тұрғыны жауапқа тартылды
Фото:
vistanews.ru
Өткен жылы елде ерекше нөмірлерді ресми сатып алуды енгізсе де, кейбір автокөлік иелері армандаған нөмірлеріне басқа жолмен қолжеткізуде. Өскемен қалалық №2 сотында кәсіпкер Хамитовтың (тегі өзгертілген) ісі қаралды.
Өткен жылдың жазында ол досы Коробейниковке сатып алынған Toyota Prado маркалы автокөлігін қиындықсыз рәсімдеуге көмектеспек болады. Сәтті келісім жасалғаннан кейін досына престижді тіркеу нөмірін сыйлағысы келген.
ШҚО ІІД ӘПБ қызметкерімен жақсы қарым-қатынастағы ол, «KZ 016 ООО16» сәнді нөмірін жақсы ақыға сатуын сұрайды, - деді сотта. – ал полиция қызметкері келісіп, 50 мың теңге көлеміндегі бағасын да белгілейді. Бұл әрекеттері іске асып, автокөлік иесі «сәнді» нөмірге ие болған.
Бір айдан кейін Хамитов әкімшілік полиция ғимаратының жанында Ивановпен танысады да, өзінің сатылып алынған «Лада Приора» автокөлігін қайта тіркеу қызметін ұсынады. Сонымен қатар, ол Ивановқа «070» сәнді нөмірін 165 мың теңгеге ұсынады. Иванов келіскеннен кейін, кәсіпкер полицей қызметкеріне кезекті іскерлік ұсыныспен келеді.
Жаңа досының әрекетінің заңсыз екендігіне күмәнданаған Иванов ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне хабарласқан, - дейді сотта. Құқық сақтау қызметкерлерімен бірлескен келісім бойынша Ивановтың Хамитовқа ақы төлеп жеткен сәтінде құрықталды. Айыпталушы өз кінәсін мойындап, оған 1 594 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметте лауазымдық жұмыс жасау құқығынан айырылды.