Қарағандыда әйел жалған оқу сертификаттарын сатты
Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің бірқатар ұқсас қылмыстарға қатысы барын дәлелдеді - барлығы 23 факт
Азаматша жалған оқу сертфикаттарын әлеуметтік желі арқылы сатқын, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Зардап шеккендердің көбі республиканың әртүрлі аймақтарында тұратын оқу орындарының оқытушылары.
20 сәуірде Қарағандының екі тұрғыны полицияға жүгінді. Зардап шеккендердің әңгімесінен интернет қосымшалардың бірінде олардың назарын біліктілікті арттыру орталығының қызметі туралы хабарландыру аударғаны белгілі болды, ол онлайн-оқытудан кейін сертификаттар берілуі керек болған, - деп хабарлады ШҚО ПД.
Құрыққа ілінген мұғалімдер бірінші оқу кезеңінде 35 мың теңге, екіншісінде – 30 мың теңге аударған.
Кейінірек Октябрь ПБ-ға Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғынынан өтініш келіп түсті.
Олар да біліктілікті арттыру курстарына қатысып, сертификат алу үшін алдын ала 30 мың теңге және 50 мың теңге төлем жасапты, - деп атап өтті басқармадағылар.
Полицейлер Қарағандының 27 жастағы тұрғынын тауып, ұстады. Ол кінәсін мойындады.
Келтірілген залалдың жалпы сомасы белгіленеді.
ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.