Нұр-Сұлтан мен Алматының оннан астам ірі нысандарын IT-маман "миналаған"
Тәртіп сақшылары Қостанай облысы Жітіқара қаласының тұрғынын жалған террроризм күдігімен ұстады
Ер адам ҚР ҚК-ның 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша жауапқа тартылды, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, деп хабарлады Қазақстанның терроризмге қарсы орталығы сейсенбі күні.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдары 1986 жылы туған "Т" есімді азаматты қолға түсірді. Қостанай облысы Жітіқара қаласының тұрғыны қалалық ұйымдардың бірінде IT-технология маманы болып жұмыс істеген.
IT саласындағы өз білімін және түрлі техникалық құралдарды пайдалана отырып, ол астана мен Алматының 11 ірі нысанына хат жолдағаны жазылған ведомство хабарламасында.
Күдікті бұзақылық әрекетін мойындап, қамауға алынды, - деп атап өтті терроризмге қарсы орталықта.
Ведомство еске салғандай, 4 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Алматының түрлі мекемелерінің электронды мекенжайларына ғимараттарға жарылғыш құрылғылар қойылғаны туралы жалған ақпарат келіп түскен.