Өскемен
Қалың бұлтты
  • Өскемен
  • Семей
    +3°
  • Алматы
    +14°
  • Риддер
    +3°
  • Астана
    +5°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Ақтау
    +13°
  • Атырау
    +19°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +17°
  • Түркістан
    +21°
  • Орал
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
482.53
+0.70
555.44
-1.36
¥
69.83
+0.07
5.92
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алматыда "Қазақстандықтар" ҰҚТ басшылары ұсталды

ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп Алматы қаласында және Алматы облысында бұрынғы спортшылар мен бұрын сотталған адамдардан тұратын «Қазақстандықтар» ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізді

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / В Алматы задержали лидеров ОПГ "Казахстанские"
Фото:
КНБ РК

Топтың ұсталған 6 мүшесінің Алматы өңірі аумағындағы көптеген қылмыстарға (қорқытып алу, қарақшылық, озбырлық, бұзақылық, кәсіпкерлерге криминалдық қамқорлық, мал ұрлығы) қатысы бар.

Күдіктілерді ұстау және тұрғылықты жерлерін тінту барысында 4 бірлік атыс қаруы, 177 оқ-дәрі, 7 граната, арнайы құралдар, сондай-ақ ү.ж. қаңтарда маролерлікке қатысқандарын растайтын заттар (радиостанциялар, «ПР» дубинкалары, броньды кеудеше) тәркіленді.

Ұсталғандар ҚАЖД 8-ТИ және ҰҚК Алматы қ. бойынша департаментінің тергеу изоляторларына қамалды. ҚР ҚК 287-бабының 3 және 4-бөліктері (Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу-жедел іс-шаралары кешенінің нәтижесінде топ мүшелері ҰҚТ мүшелеріне тиесілі қаруы бар «көмбелерді» көрсетуге ойысты.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында екі «көмбе» анықталып, олардан 44 бірлік атыс қаруы және 3 бірлік суық қару, сондай-ақ 20 бірлік оқ-дәрілер алынды.

Алынған қару-жарақты, сондай-ақ оларды қаңтар оқиғаларында қолдануды сәйкестендіру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.



Фото:
КНБ РК
Следующая →