Ақтөбеде ұрлықшы өз танысынан бірнеше миллион теңгені жымқырып кеткен
26 жастағы қала тұрғыны кәсіпкерлікті дамыту қорларының бірінен несие алуға көмектесемін деген желеумен жәбірленушінің ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған
Ақтөбеде алаяқ өз досының 24 миллион теңгесін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz .
Жәбірленуші жас жігіттің банк өтініші арқылы есепшотына шамамен 24 миллион теңге аударғанын хабарлады. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ұсталған азаматтың да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыскер мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.
Сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру.