Темір торға қамалды
Өскеменде араққа сылқия тойып алған пәтер иесі ерегес кезінде өз қонағын айна сынығымен жарақаттады
Фото:
drevniebogi.ru
Өскемен қаласына орналасқан пәтерлердің бірінде достар спиртті ішімдік ішіп отырған. Бір мезетте пәтер иесі және онымен бірге тұратын әйел арасында ұрыс шығып, ол әрі қарай төбелеске ұласып кетеді. Жұрт көзінше жанжалдасып жатқан жұпты көрген бөтелкелестерінің бірі әйел адамды ренжіту дұрыс емес деп, ескерту жасамақ болады. Пәтер иесіне бұл ескертуі ұнамай, әйелдің жақтаушысын ұрып жібереді.
Ер адамдар арасында жанжал туып, олар кіре беріс бөлмедегі соққыдан шағылған айнаға құлайды. Пәтер иесі көп ойланбастан, әйнек сынығын қарсыласының кеуде тұсына сұғып алған.
Сот медэкспертизасы анықтағандай, пәтер иесі мейманына кеудесінің сол жақ тұсынан кесілген жара түріндегі дене жарақатын салған. Сотта бұл дене жарақаты денсаулыққа өте қауіпті қатер деп бағаланды.