Риддерде есірткі даярлайтын орын әшкереленді
32 жастағы қала тұрғыны есірткі тұтынатын адамдарға арналған пана ұстағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Фото:
ullica.ru
Риддер қаласының криминалдық полиция қызметкерлері ұсталған ер адамның пәтерінде көкнәрдан есірткі даярланғандығы дәлелдеді. Сонымен қатар, ол есірткіні жергілікті нашақорлар пайдаланған.
Тәртіп сақшылары тексеру кезінде үй ішінен ондаған бөтелке мен құтылар, шпирцтар мен есірткі дайындаған ыдыстарды тауып, тәркілеген. ҚР ҚК 302-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы Риддер қаласының полиция қызметкерлері есірткі паналарын ұстаған 4 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартқан.