Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде оқушы көліктен жарты миллион теңге ұрлады

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Полиция департаментінің қызметкерлері құқық бұзушыны саусақ ізі бойынша тез тауып алды

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / В Усть-Каменогорске школьник выкрал из машины полмиллиона тенге
Фото:
Устинка LIVE

Қараша айының ортасында Өскемен қаласы ПБ Үлбі аудандық полиция бөлімшесінің 102 жедел арнасына облыс орталығының 29 жастағы тұрғынынан өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Жәбірленуші сол күні кешке белгісіз адам оның автокөлігіне кіріп, қобдишадан 510 мың теңге көлемінде ақша ұрлағанын айтты.

Жедел тергеу тобы ұрының саусақ іздерін анықтады. Айта кетейік, ұрлық фактісі "Сергек" АӨК-де тіркелген.

2 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шараларының арқасында полиция қызметкерлері қомақты ақша ұрлаған адамның кім екенін анықтады. Ол 15 жастағы мектеп оқушысы болып шықты. Кейін анықталғандай, кәмелетке толмаған бозбала бұрын бірнеше рет ұрлық жасаған және қыркүйек айынан бастап Өскемен қаласының ПІБ-да есепте тұр, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Белгілі болғандай, жасөспірім әжесімен бірге тұрады, ал анасы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр. Қазір бозбала ШҚО Білім басқармасының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Следующая →