Өскемен тұрғыны үйінің сарайын есірткі қоймасына айналдырған
Қараша айының басында криминалдық полиция қызметкерлері Өскемен қаласының тұрғыны үйде есірткі сақтайтыны туралы жасырын ақпарат алды
45 жастағы күдіктінің үйін тінту кезінде тәртіп сақшылары ерекше иісі бар қара қоңыр түсті зат тапты, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Сараптама мәліметтері бойынша, тәркіленген зат салмағы 211,95 грамм кептірілген марихуана болып шықты.
Күдіктіге ҚР ҚК 296-бабының үшінші бөлігі "есірткі заттарын заңсыз сақтау, өткізу мақсатынсыз ірі мөлшерде тасымалдау " бойынша қылмыстық жауапкершілік жүктеледі, - деп қосты сағат Мәдиев.