Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Ақерке Мұқтанова
Ақпарат көзі:
Polisia.kz

Қызылорда облысының полицейлері МИ-8 көмегімен қарасора плантациясын тапты

Құрамында тыйым салынған заттар бар өсімдіктерді өсірумен айналысатын есірткі қылмыскерлер тобы ұсталды, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / С помощью МИ-8 полицейские Кызылординской области обнаружили плантацию конопли
Фото:
МВД РК

"Қарасор-2021" жедел алдын алу іс-шарасы барысында өңірдегі ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының тәртіп сақшылары мен ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері 35 және 58 жастағы қызылордалықтарды ұстады. Олар құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруде деп күдіктенеді, деп хабарлайды сайт Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының МИ-8 тікұшағымен барлау кезінде Қызылорда облысы Арал ауданы Жеңіс ауылынан 100 шақырым жерде 2479 түп сора плантациясы табылды, - деп хабарлады ҚР ІІМ.

Ер адамдарға 300-баптың 2-бөлігі "құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді ірі мөлшерде заңсыз өсіру" бойынша қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

Тергеу барысында тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар тағы екі адамның жеке басын анықтады. Болжам бойынша, 39 және 42 жастағы қызылордалықтар есірткі бизнесінің "инвесторлары" болған: қылмыстық топ мүшелеріне қаржылай көмек көрсеткен, оларды азық-түлікпен қамтамасыз еткен.

Қылмыстық топтың жетекшілері ұсталды, қазір олар уақытша ұстау изоляторында. Тергеу жалғасуда.

Следующая →