Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Интерфакс

Алматыдағы атыста қаза тапқан полицияның жанұясына баспана беріледі

Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы атынан көңіл айтты

Алматы әкімдігі ҚР Ішкі істер министрінің сұранысы бойынша атыс кезінде бір күн бұрын қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына тұрғын үй береді, деп хабарлайды ІІМ республикалық порталы.

Сонымен қатар, қаза тапқан полиция қызметкерлері қайтыс болғаннан кейін медальдармен марапатталды.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен тәртіп пен заңды күзеткен учаскелік инспектор қаза тапқан соң "Құқық тәртібін қамтамасыз ету үшін қосқан айрықша үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды, делінген хабарламада.

Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев қайтыс болған полиция қызметкерлерінің үй-ішіне барып, ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы атынан көңіл айтты.

Хабарланғандай, өткен дүйсенбі күні кешкі сағат 5-тер шамасында Алматы қаласының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында сот шешімімен жеке үйінен күштеп шығару кезінде 54 жастағы ер адам сот орындаушылары мен учаскелік полиция қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырған. Бес адам қаза тапты, оның ішінде екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, мүліктің жаңа иесі және оның досы бар болатын.
Следующая →