ШҚО-да әккі пәтер ұрысы ұсталды
Семей қаласында үй тонауға қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады
Қазіргі уақытта ер адам қала аумағындағы 11 үйдің ұрлығына қатысы бары анықталды. Қаскөй пластикалық терезені арқылы үйге кіріп жүрген. Ол үйде тұрған тұрмыстық техника, бағалы әшекей заттар мен ақшаны ұрлаған.
Күдікті ұрлаған заттар Семей қаласының ломбардтарына тапсырылғаны анықталды.
Следующая →
Күдікті ұрлаған заттар Семей қаласының ломбардтарына тапсырылғаны анықталды.
- Қазіргі уақытта барлық істер бойынша қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.