Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматыда есірткі шегіп, қарумен жүрген ер адам ұсталды

Криминалдық полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті қалалық департаментінің көмегімен әр түрлі калибрлі сегіз дана атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тәркіледі

Тәртіп сақшылары Талғар ауданының 46 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz сайты. Ол атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікке ілінді.

- Күдікті Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында көлікпен кетіп бара жатқан жерінен ұсталды. Тергеу судьясы санкциясы бойынша көлік құралын тінту кезінде және күдіктінің өзінен патрондары бар екі тапанша тәркіленді, - деп хабарлады Алматы ПД қылмыстық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Күдікті Талғар ауданының тұрғыны болып шықты. Ұсталған адамның үйін тінту кезінде полиция тағы алты қаруды, оның ішінде 12 калибрлі Винчестер, граната және 60 патронды тапты.

- Қару тәркіленді және сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Оның иесін, шығу тегін, сондай-ақ қандай да бір қылмыстық іске қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тексеріске жіберілді, - деп толықтырды тәртіп сақшысы.

Күдіктінің үйінде ұнтақты зат салынған 4 пакет табылды. Медициналық тексеріс нәтижесінде ер адамның есірткіге мас болғаны белгілі болды.

- Ұсталған азамат ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізілуде, - деп хабарлады Алматы қаласы ПД қылмыстық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.


Следующая →