Өскеменде есірткі таратушы ұсталды
Қаскөйді жеке тінту кезінде тыйым салынған заттар салынған бірнеше ондаған түйіншектер тәркіленді
Есірткі тасымалаушылардың бірін облыс орталығының полициясы ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Қаскүнем "Қарасора-2021" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ұсталды.
Полицияның хабарлауынша, жеке тінту жүргізу кезінде ұсталған адамнан синтетикалық есірткі салынған 40 пакет тәркіленді, бұл 250 дозаға тең.
Ұсталған азамат үй қамауына алынды. Оқиға фактісі бойынша ҚР ҚК-ның 297-бабы "Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу" бойынша тергеу жүргізілуде.
- Ол психотроптық заттарды сатумен айналысқан 21 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты, - деп хабарлады ШҚО ЖПҚ. - Ол есірткіні қала аумағында таратқан.

Следующая →