Өскемендегі велопрокаттан Велосипед ұрланды
ШҚО полиция департаментінің ақпараты бойынша, қаскүнем екі дөңгелекті көлікті сатпақ болған
Өскемен қаласының Ертіс полиция бөлімінің кезекші бөліміне велосипедтерді жалға беру пунктінің 62 жастағы қызметкері көмекке жүгінді,деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Ер адам қала тұрғыны 80 мың теңге тұратын велосипед ұрлағанын хабарлады.
Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай ұстады. Көлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Следующая →
-Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері 24 жастағы ер адамның дүкенге тиесілі велосипед ұрлағанын анықтады, - деп хабарлады ШҚО ПД.
Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктіні ізін суытпай ұстады. Көлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
- Ұсталған азаматтың айтуынша, ол велосипедті сату мақсатында ұрлап кеткен, - деп атап өтті ШҚО ПД. - Азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.