Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қызылордада полицейлер аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткінің жолын кесті

Қызылордалық жедел уәкілдер жалпы салмағы 352 грамм синтетикалық есірткі “мефедрон” затын таратып жүрген адамды құрықтады

Бұл Қызылордада айналымнан алғаш алынған қауіпті есірткі препараттарының бірі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына келіп түскен жедел мәліметтерге сәйкес, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 10 тамыз 2021 жылы сағат 14:30 шамасында Қызылорда қаласында Атырау қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталып, одан жалпы салмағы 116 грамнан асатын “мефедрон” синтетикалық есірткі заты тәркіленді. 

Қала орталығынан оның жалдаған пәтеріне тінту жүргізу барысында синтетикалық есірткі дайындайтын кішігірім зертханаға айналдырған. Пәтерде сатуға дайындап, 91 данаға бөлектенген ақ түсті ұнтақтар, сонымен қатар дайындауға арналған таразы, рулон фольга, түрлі-түсті изолента, скотчтар, түрлі-түсті бояғыштар, дәмдеуіштер анықталып, заттай дәлелдеме ретінде алынды. 

Сараптама қорытындысымен тәркіленген ұнтақтың “мефедрон” синтетикалық есірткіге жататынын бекіткен.

Атырау қаласының тұрғыны аталған есірткі заттарын жалдамалы пәтерінде өзі өлшеп, бөлектеп, дайындап, қала орталығында сататыны анықталды. 

Қылмыстық іс бойынша оқиға болған жерді нақтылау тергеу әрекеті барысында күдікті интернет желісі арқылы тапсырыс қабылдап, синтетикалық есірткі заттарын қала орталығындағы әр түрлі орындарға жасырған жерлерін көрсетіп, жалпы салмағы 81 грамнан асатын 50 дана “мефедрон” синтетикалық есірткі заты анықталып, тәркіленді.Қазіргі уақытта күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына (Аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.


Следующая →