Пәтер жалдаушы зейнеткердің үйін тонап кетті
Сенімсіз пәтержалдаушысының кесірінен егде жастағы зейнеткер үйіндегі біраз жиһазынан айырылды
Болған оқиға туралы полиция өкілдеріне үй қожайынының өзі хабарлған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Полиция департаменті мәлімдегендей, ҚР ҚК 188-бабы бойынша «Ұрлық» ісімен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.
Следующая →
- Зейнеткер әйелдің айтуынша, оның жалдамалы пәтерін өзінің жалға алып отырған келіншек тонап кеткен. Киім тұратын шкаф, ас үй жиһазы, диван және кресло сияқты мүліктерін ұрлатқан. Жапа шегуші жалпы құны 300 000 мың теңгеге шығын келді деп бағалайды, - делінген ШҚО ПД баспасөз бөлімінде.Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ұрлық жасаған әйелді тапты. 47 жастағы қала тұрғыны тергеу барысында өз істеген қылмысын мойындады.
Полиция департаменті мәлімдегендей, ҚР ҚК 188-бабы бойынша «Ұрлық» ісімен сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.