Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Шардара су қоймасында браконьерлікпен айналысқандарға сот үкімі шықты

Түркістан облысында Шардара су қоймасында браконьерлікпен айналысқан ерлі-зайыптылар мен екі жергілікті тұрғын алты және жеті жылға бас бостандығынан айырылды

Өткен жылдың жазында жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД жедел уәкілдері Шардара су қоймасында бірнеше жыл жұмыс істеген браконьерлердің қылмыстық тобын ұстаған болатын, деп хабарлайды Polisia.kz.
Содан кейін ұсталғандарды тінту кезінде күдіктілерден 13 қайық пен балық аулау құралдары, екі тоннаға жуық жаңа ауланған және ысталған балық тәркіленді. Мемлекетке келтірілген материалдық шығын сегіз миллион теңгеден асты.

Істі полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) және ҚР ҚК-нің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
- Үш күдікті ер адамды бірден сот қамауға алды, ал қалған жетеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Осы іс маған тапсырылып, тергеуді жүргізе бастағанымда көбісі іс сотқа жетпейді деп сенімсіздік танытты, ал күдіктілер олардың браконьерлік деректерге қатыстылығын дәлелдей алмайтынымды бір ауыздан айтып, еңсемді түсірмекші болды. Алайда мен бұл іске әдеттегідей білек сыбана кірістім. Ешбір ұсақ дәлелді назардан тыс қалдырмадым. Оларды біртіндеп жинап, саралап отырдым. Сарапшыларға балық аулау құралдарын апарып, бірнеше рет тиянақтап тексерттім. Бағыма орай мен көлікті жақсы айдаймын. Соның да көмегі көп тиді. Яғни мен күдіктілерден тәркіленген ауды (балық аулайтын тор) жүксалғышқа салып алдым. Оның салмағы шамамен 30 келі. Торды Жетісай қаласынан Шымкент қаласына дейін үш рет апарып, үш рет сараптамадан өткіздім. Екі аумақтың ара қашықтығы шамамен 250 шақырым. Оған қоса жауап алушыларды беттестірдім, сұрақ-жауаптар алдым және тағы да басқа түрлі тергеу әрекеттері болды. Әрине, мұндай жұмыс өз кезегінде біршама уақытты талап етеді. Тергеу үш айдан астам уақыт бойы жүргізілді. Нәтижесінде қылмыстық іс 23 томды, оның ішінде 4 000 парақты құрады. Бұл тек 10 адамға арналған бір іс. Сондықтан айтар едім, тергеудің өзіндік есепке алына бермейтін қиыншылықтары бар деп. Сондай-ақ қайталанып жасалған сараптамалар, қосымша жүргізілген жедел шаралар, жалған құжаттармен балық көрші облысқа шығарылғандығына байланысты аудиторлық тексерулер тағайындалды, - деді аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші Алтынай Жолымбекова.
Осылайша 2020 жылдың қараша айында айыптау ісі сотқа жіберілді. Араға жеті ай салып, 2021 жылдың маусым айында сот өз шешімін шығарды: Жетісай ауданынан 44 және 42 жастағы ерлі-зайыпты мен 51 жастағы әйел алты жылға және 32 жастағы ер адам жеті жылға сотталды. Сотталған ер адамдар ағайынды.
- Негізі әйелдерге қатысты бостандық олардың кәмелетке толмаған балаларының 14 жасқа толған кезінен бастап шектеулі болады. Ал браконьерлердің қылмыстық тобының қалған мүшелері ҚР ҚК-нің 65-бабына сәйкес келтірілген залалды өтеу және кінәні мойындауы, шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, - деп атап өтті Алтынай Жолымбекова.
Следующая →