Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Аса ірі гашиш партиясын ШҚО-ға әкелмек болған екі ер адам ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі трафигінің жолын кесу бойынша кезекті арнайы операцияны өткізді

Бұл жолы екі адам анықталды, олар Жарма ауданына өсімдік есірткі заттарының аса ірі партиясын әкелуге тырысқан, деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі. Есірткіні саудамалақ болған Жамбыл облысының тұрғыны, есірткіні еліміздің оңтүстік өңірлерінен автокөлікпен тасымалдаған. Кейін оны ауылдық жерлердегі жастар арасында өткізбек болған, бірақ тәртіп сақшылары бұл әрекеттің жолын кесті.
- Күдіктілерді ұстау бойынша іс-шара «Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында өткізілді. Автокөлікті тінту барысында күдіктілерден 8 килограмнан астам "гашиш" тәркіленді, бұл бір жарым мыңнан астам дозаға тең. Бүгінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Ішкі істер министрі айқындаған басым міндеттердің бірі болып табылады, сондықтан біз осы бағыттағы қалыптасқан жағдайды мұқият қадағалаймыз және осындай фактілердің жолын кесу бойынша дереу ден қоюды қамтамасыз етеміз, - деді Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.
Ұсталғандардың екеуі де соттың санкциясымен тұтқындалды және тергеу аяқталғаннан кейін ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес оларға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.


Следующая →