Өскеменде электрик боп келген алаяқ клиенттің ақшасын алып қашып кеткен
Алаяқ электрикті облыс орталығының тәртіп сақшылары тез арада ұстай алды
Алданған жергілікті тұрғын жалған электриктің алдау әрекеті туралы полицияға хабарлаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- Ер адам шағымы бойынша электр желісін тартқаны үшін электрикке ақша төлеген. Бірақ "маман" ештеңе істемей жоғалып кетті, - дейді Өскемен қаласы ПБ баспасөз қызметі. - Тәртіп сақшылары көп ұзамай 69 жастағы жергілікті тұрғын электр желісін тартуды сылтауратып, тапсырыс берушіден алған 350 мың теңгені шынымен иемденіп алғанын анықтады.Алаяқ электрик бөлімге жеткізілген. Анықталғандай ол алған ақшасын жұмсап үлгерген. Полицияның хабарлауынша, қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.