Бәйтерек маңында ер адамды қағып кеткен эвакуатор жүргізушісі бас бостандығынан айырылды
Ол 2020 жылғы 10 қазанда сағат 18.00 шамасында Өскемен қаласындағы Жеңіс даңғылы бойымен Бәйтерек маңындағы айналма жолдан Әуезов даңғылына қарай келе жатып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 51 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жарақат алған жігіт оқиға орнында қайтыс болд
Ағымдағы жылғы 19 наурызда Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен Toyota Dyna эвакуатордың 62 жастағы жүргізушісіне қатысты айыптау үкімі шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ЖКО-ның саны азайса да жылдан жылға жол апаттарының себептері өзгермей, негізгі себептері ЖКО-ның көпшілігі жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілердің кінәсінен орын алады. Бұл жылдамдық режимін сақтамау, көлік құралын басқару кезінде телефонды не радиостанцияны пайдалану, қарсы жолаққа шығу, маневр жасау қағидаларын бұзу, жол жүрісіне басқа қатысушыларға артықшылық бермеу және т.б.
ЖКО-ға жол бермеу және жақындары мен туыстарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ШҚО Полиция департаменті әрбір азаматқа жолда мұқият болуды және жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттілігін ескертеді.
Следующая →
- Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Эвакуатор жүргізушісінің кінәсі толығымен дәлелденіп, қылмыстық іс сотқа жолданды. Кінәлі адам екі жыл екі айға бас бостандығынан, көлік құралдарын басқару құқығынан төрт жылға айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.ШҚО ПД хабарлауынша, қазіргі уақытта автокөлік адамға қолжетімді барлық көлік құралдарының ішіндегі ең қауіптісі болып табылады. Жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны бойынша бірінші орында тұр.
ЖКО-ның саны азайса да жылдан жылға жол апаттарының себептері өзгермей, негізгі себептері ЖКО-ның көпшілігі жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілердің кінәсінен орын алады. Бұл жылдамдық режимін сақтамау, көлік құралын басқару кезінде телефонды не радиостанцияны пайдалану, қарсы жолаққа шығу, маневр жасау қағидаларын бұзу, жол жүрісіне басқа қатысушыларға артықшылық бермеу және т.б.
ЖКО-ға жол бермеу және жақындары мен туыстарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ШҚО Полиция департаменті әрбір азаматқа жолда мұқият болуды және жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтау қажеттілігін ескертеді.
Тақырыптар:
Начальник ДП ВКО Сагат Мадиев Нарушение ПДД Смерть при ДТП Нерегулируемый пешеходный переход