Өскемен
ясно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +17°
$
479.23
534.96
¥
68.35
5.16
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да есірткі жеткізуші топты ұстады

Шығыс Қазақстан облысында есірткіні жарнамалаушылар тобы және синтетикалық есірткіні жеткізуші ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның нәтижесінде есірткіні насихаттау және жарнамалаумен айналысатын екі адам, сондай-ақ синтетикалық заттарды “қойып кетуді” жүзеге асырған ер адам ұсталды,  деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Тұрғын үй ғимараттарының сыртына есірткі таратуға қатысы бар интернет-дүкендер сайттарының аттарын жазу үшін Алтай ауданы Серебрянск қаласына арнайы келген Семей қаласының екі тұрғыны анықталды. Олар ешкімнің көзіне түспеу үшін тұрғын үйлерге сайт атауларын тәуліктің қараңғы уақытында жазған. Полиция қызметкерлері “жарнамашыларды” қылмыс үстінде ұстап, олардан бояу баллондары тәркілеген. Ұсталғандардың айтуынша, осындай граффити суреттерді жазғандары үшін оларға әлеуметтік желі арқылы сөйлескен белгісіз адамдар белгілі бір ақша сомасын төлеуге уәде еткен. Енді табыстың орнына оларға қылмыстық жауапкершілікке тартылу қаупі төніп тұр.
- Ұсталған адамдардың іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 299-1-бабы бойынша сараланды, яғни бұл есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау болып табылады, аталған қылмыс үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Сондай-ақ, Өскемен қаласының тәртіп сақшылары қала үйлерінің аулаларына синтетикалық есіркілерді қойып кетуді жүзеге асырған 20 жастағы ер адамды ұстады. Тінту жүргізу барысында жалдамалы пәтерлерден 900 реттен артық қолданылатын есірткі дозалары тәркіленіп алынды. Қылмыскер соттың санкциясымен қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оны 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр. 


Следующая →