Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Шығыс Қазақстан облысында есірткіні жарнамалаушылар тобы және синтетикалық есірткіні жеткізуші ұсталды
- Ұсталған адамдардың іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 299-1-бабы бойынша сараланды, яғни бұл есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау болып табылады, аталған қылмыс үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.Сондай-ақ, Өскемен қаласының тәртіп сақшылары қала үйлерінің аулаларына синтетикалық есіркілерді қойып кетуді жүзеге асырған 20 жастағы ер адамды ұстады. Тінту жүргізу барысында жалдамалы пәтерлерден 900 реттен артық қолданылатын есірткі дозалары тәркіленіп алынды. Қылмыскер соттың санкциясымен қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оны 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.