15 жастағы жасөспірім біреудің мопедін ұрлап кетті
Алтай ауданында 45 жастағы ер адамның көлікжайынан меподі ұрланған
23 сәуірде Алтай қалалық ПБ 102 жедел арнасына 45 жастағы қала тұрғыны жүгініп, белгісіз адамның гараждың құлпын сындырып кіріп, құны 50 000 теңге тұратын Racer мопедін ұрлап кеткенін хабарладЫ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері бұл қылмысты ізін суытпай ашты. Ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 15 жасар жасөспірім жеткізілді. Жауап алу барысында жасөспірім кінәсін мойындап, ұрланған көлікті қайтарды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Следующая →

- Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала ата-анасына тапсырылды. ШҚО Полиция департаменті ата-аналарға балалармен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде профилактикалық әңгімелер жүргізу қажеттігін ескертеді, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.