Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматы облысының тұрғыны 25 жол белгісін ұрлап кеткен

Алматы облысында 32 жастағы азамат металл қабылдау пунктіне өткізу үшін 25 дана жол белгісін ұрлап кеткен

Оның әрқайсының құны 4800 теңге тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 мамыр күні түнгі сағат 02:00 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері күдік тудырған көлікті байқаған. Талғар ауданының Панфилов ауылында аталған көлікті тексеру кезінде темірден дайындалған 25 жол белгісі табылған. Көлікті 32 жастағы азамат тізгіндеген. Айтуынша, ол жол белгілерін Тұздыбастау ауылына жақын жерден Үлкен Алматы каналы бойынан ұрлап алған. Мақсаты – темір қабылдау орнына өткізу.

- Әр жол белгісінің құны – 4800 теңге. Жалпы шығын көлемі – 120 000 теңге. Жол белгілерін ұрлау арқылы мемлекетке материалдық шығын келтіріп қана қоймай, жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіресіздер. Жол белгілерінің болмауы салдарынан түрлі жол апаты болып, адам да көз жұмуы мүмкін,- деді Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.
Следующая →