Түрмеге есірткі тасымақ болған жасөспірімдер ұсталды
Жасөспірімдер есірткіні Өскемен қаласындағы колониялардың бірінің ауласына лақтыруға тырысқан
ОВ-156/3 мекемесінің қызметкерлері түнгі уақытта колонияның айналасын кезекті тексеру кезінде қоршау арқылы белгісіз затты лақтырмақ болған екі азаматты ұстады, деп хабарлайды Устиниктің LIVE тілшісі.
Олар Өскемен қаласының 17 жастағы тұрғындары, мектеп оқушылары болып шықты.
Тәртіп бұзушыларға ҚР Қылмыстық және әкімшілік заңнамасында көзделген жаза тағайындалуы мүмкін.
Следующая →
Олар Өскемен қаласының 17 жастағы тұрғындары, мектеп оқушылары болып шықты.
- Кәмелетке толмағандар негізгі қоршау арқылы ақ және жасыл түсті таблеткалары бар екі түйіншекті және ұялы телефон мен қуаттағыштарды лақтыруға тырысты. Кәмелетке толмағандарға қатысты хаттама толтырылды, - деді колония бастығы әділет полковнигі Тілеуберген Көнекбаев.
Тәртіп бұзушыларға ҚР Қылмыстық және әкімшілік заңнамасында көзделген жаза тағайындалуы мүмкін.