Өскемен тұрғыны ТҚКС-тан көлік айдап кетті
ШҚО Полиция департаменті хабарлағандай, күдікті дәл осындай қылмысы үшін бұған дейін де жауапқа тартылған
Өскемен қаласындағы Үлбі аудандық полиция бөлімінің кезекшілік бөлімшесіне 29 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол белгісіз біреу ТҚКС-та тұрған ВАЗ-21099 маркалы көлігін айдап кеткенін мәлімдеген. Шығын мөлшерін 750 мың теңгеге бағалап отыр.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Следующая →
- Жедел алдын алу шарасы кезінде криминалдық полиция қызметкерлері ұрланған көлікті Теміржолшылар көшесінен тапқан. 19 жастағы күдікті қолға түсті және полиция бөлімшесіне жеткізілді. Анықталғандай, ол бұған дейін де осындай ісі бойынша жауапқа тартылған көрінеді, - деп хабарлады ШҚО ПД.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.