Өскемен
Бұлтты
  • Өскемен
  • Семей
    -1°
  • Алматы
    +9°
  • Риддер
    +1°
  • Астана
    -1°
  • Ақтөбе
  • Ақтау
    +9°
  • Атырау
    +2°
  • Қарағанды
    -1°
  • Көкшетау
    -1°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    -1°
  • Тараз
    +13°
  • Түркістан
    +14°
  • Орал
    -5°
  • Шымкент
    +14°
$
493.85
+0.49
571.78
-1.06
¥
71.53
-0.06
6.25
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда полицейлер автобус жолаушысынан жүздеген доза героин тапты

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары есірткінің заңсыз айналымының жолын кесуге ерекше назар аударады

Жедел қызмет қызметкерлеріне  белгісіз адамдардың есірткіні заңсыз сақтау және тасымалдаумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен . Түркістан облысының есірткі қылмысымен күресушілер жедел-іздестіру қызметін бастады, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Тәртіп сақшылары Шымкент-Самара тас жолының бойында жүріп жатқан автобус көліктерін біртіндеп тексере бастайды. Тексеру кезінде Алматы-Түркістан бағытында келе жатқан автобустағы жолаушы әйел күдік тудырады. Осылайша жедел шаралардың нәтижесінде әйелдің сөмкесінен қағазға оралып, полиэтилен пакетіне салынған ақ-сұр түсті есірткіге ұқсас ұнтақ табылды.

- Тәркіленген айғақты затты сараптамаға жолдады. Оның қорытындысы бойынша есірткіге ұқсас заттың жалпы салмағы 60 грамға жуық “героин” екені анықталды. Яғни, героиннің бұл салмағы 300-ге жуық адамның бір реттік дозасы екені белгілі болды, - деп хабарлайды ҚР ІІМ.

Болған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қазіргі уақытта күдікті әйел бірден қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 
Следующая →