ШҚО-да мал ұрылары ұсталып жатыр
Шығыс Қазақстанда облысы аумағында "Мал ұрысы" жедел профилактикалық іс-шарасы өттІ
ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, операция барысында мал ұрлығының 13 фактісі ашылды, 3 күдікті адам ұсталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Айта кетсек, жедел-іздестіру және іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде иелеріне 28 бас мал (12 жылқы, 4 мүйізді ірі қара мал, 12 ұсақ мал) табылып, қайтарылды.
400-ден астам шаруа қожалықтарын аралау жүзеге асырылды, 665 бас ауыл шаруашылығы жануарлары сәйкестендірілді.
Ағымдағы жылдың алғашқы үш айында ШҚО-да 413 бас мал ұрланса, полицейлердің көмегімен 299 бас иелеріне қайтарылды.
Следующая →
Айта кетсек, жедел-іздестіру және іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде иелеріне 28 бас мал (12 жылқы, 4 мүйізді ірі қара мал, 12 ұсақ мал) табылып, қайтарылды.
- Жалпы, біз ауылдық жерлердің тұрғындарымен және шаруа қожалықтарының иелерімен мал жаю ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргіземіз, өйткені үй жануарларын қараусыз қалдыру, әдетте, оны ұрлаудың алғышарттарына немесе алыс қашықтыққа кетіп қалуына алып келеді, - деп түсіндірді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.Жедел профилактикалық іс-шарасы барысында арнайы мал тұрағына 950-ден астам ауыл шаруашылығы жануарлары (барлығы иесіз мал жаю үшін) қамауға алынды, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 180 000 теңгеден астам сомаға 313 мал иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Жақында Ұлан ауданының полиция бөліміне 51 жастағы жергілікті тұрғын хабарласты, ол "Сібенің" №1 және №2 көлдерінің арасында орналасқан еркін жайылымнан белгісіз адам ақ бас ірі қара малдың бір басын ұрлап кеткенін жеткізген. Келтірілген шығын 250 000 теңгеден асқан. Іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары "ізін суытпай" 34 жастағы ер адамды ұстады. Жауап алу барысында күдікті жасаған ісін мойындады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-1 бабы 1-бөлігіне (мал ұрлығы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деп толықтырды ШҚО ПД.Сонымен қатар, үш күн ішінде 188 автокөлік тексеріліп, тиісті құжаттарсыз мал мен ет өнімдерін тасымалдау, сату бойынша 20-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.