ШҚО-да 9 шетел азаматы елден шығарылды
Көші-қон қызметі қызметкерлері шетелдіктердің аймаққа келуін бақылау бойынша үнемі жұмыс жасауда
Шығыс Қазақстанда облысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін бұзғаны үшін жыл басынан бері сот шешімі бойынша 9 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- Бүгінгі таңда олардың 5-еуі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылды. Мәселен, 20 сәуірде Жарма аудандық сотының шешімі бойынша Өзбекстан Республикасының азаматы елден шығарылды, ол 2011 жылы есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны және тасымалдағаны үшін сотталған болатын, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Әйел жазасын ОВ 156/18-де өтеген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес аталған азаматшаның ҚР-ға кіруі 5 жыл мерзімге жабылды.Көші-қон қызметінің қызметкерлері тұрақты негізде біздің облыс аумағында шетелдіктердің болуын бақылау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткен жөн. Іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін 206 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.