ШҚО-да ересек адам 18 жастағы қыздың көлігін тартып алды
Осындай жолмен аға буын өкілі жас бойжеткенге "әділетті" істің қалай жасалатынын көрсеткісі келген сияқты
Әйтсе де, тәртіп сақшылары оның әрекетінен озбырлықтың белгілерін көрді.
18 жастағы Семей тұрғыны Семей қалалық полиция басқармасының Затон полиция бөліміне белгісіз ер адам қарызы үшін көлігін рұқсатсыз алып кеткендігі туралы арызбен жүгінген. Қарыз мөлшері 700 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →

- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерінің жылдам әрекет жасауының арқасында, 65 жастағы ер адамды анықтады және ұстады, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.Болған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бөлімі, 389-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.