Өскемен тәртіп сақшылары саяжайға түскен ұрыны ұстады
Саяжайдағы жеке үйлердің бірінен туристтік керекті заттарды қолды қылған жас жігіт қолға түсті
Өскемен қалалық полиция басқармасының сол жағалау полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 31 жастағы қала тұрғыны хабарласып, қыстыгүні белгісіз біреулердің жеке саяжайына кіріп, жеке заттарын ұрлап кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ұры саяхат пен серуенге арналған спорттық велосипед, туристтік шатыр және жиналмалы жатын сөмке алған. Полицияның айтуынша, келтірілген шығын 90 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. 25 жастағы жергілікті тұрғын полиция бөліміне жеткізіліп, өз кінәсін мойындады. Ұрланған заттар тәркіленді.
Аталған іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлімі ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тонаушы жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Следующая →

- Тергеу барысында күдіктінің саяжай тонауының жеті эпизодын жасауға қатыстылығы дәлелденді, оған сәйкес заттай айғақтар тәркіленуде. Ұрланған заттардың 15-тен астамы алынды, - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мадиев.Полиция дәлелдемелер базасын жинауға және ұсталушының осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын өңдеуге бағытталған қажетті тергеу-жедел іс-шараларын жүргізуде.
Аталған іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлімі ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тонаушы жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.