ШҚО-да ауыл тұрғынының көлігін ұрлап кетті
Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің 102 жедел қоңырауына Выдриха ауылының 32 жастағы тұрғынынан ұрлық бойынша шағым келіп түсті
Ер адамның айтуына қарағанда, түн ортасында белгісіз біреулер оның аулада тұрған Nissan маркалы автокөлігін ұрлап айдап кеткен. Ұрылар жапа шегушіге 1 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.
Следующая →
- Учаскелік полиция инспекторы жедел тергеу тобының қызметкерлерімен бірге 25 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Тергеу кезінде күдікті өз кінәсін мойындаған. Автокөлік иесіне қайтарылды, - дейді ШҚО Полиция департаментінде.Аталған іске қатысты ҚР ҚК 200-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.