Өскемен қаласының тұрғыны алаятың құрбаны болды
"Несие алуға көмектесемін" деген белгісіз біреу Өскемен қаласының тұрғынынан қомақты қаржы алған
Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөлімінің "102" жедел арнасына 48 жастағы әйел хабарласты. Ол 2020 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың ақпаны аралығында бейтаныс әйел ақшалай кредит алуға көмектесемін деген сылтаумен 6 100 000 теңгеден астам ақша қаражатын алдау жолымен иемденгенін хабарлады.
Следующая →
- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен Глубокое ауданының 42 жастағы тұрғынын анықтады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.